Спорт

Жергілікті “Құлагер” ХК өскемендік “Алтай Торпедо” командасымен күш сынасты

Көп уақыт өтпей “Алтай Торпедо”-ның жігіттері тағы да алға шықты. Дегенмен, кездесудің 34-минутында Ильгиз Нуриев шайба салды. Сонымен екі кезеңнің қорытындысы бойынша есеп 2-де 2. Ал, соңғы 3-ші – периодта қос команда ойыншылары жеңімпазды анықтай алмады. Матчтан кейін шешуші овертайда қарсыластың асығы алшысынан түсіп, қоржындарына 2-ұпайды салды.

Келесі күнгі ойында қонақтар тағы да бірінші болып есеп ашты. Олардың қарымта шабуылда жолдары болып, Алексей Шантыка көзге түсті. Бұл шайбадан соң жеңістің ауылы алыс екендігін ұғынған жерлестеріміз белсенділік танытты. Алдымен, 8-ші минутта сұрмерген Максим Волков гол авторы атанды.

Артынша командасын алға жетелеген Ильгиз Нуриев өскемендік қақпашыдан оңай айласын асырып кетті.

Сонымен есеп 2-де 1. Әзірге, құлагерліктер алда келеді.

– Бүгін жігіттер жақсы ойнауда. Қателіктері аз. Қақпаға шайбаны жиі бағыттауда. Бүгін жеңіске жетеміз.

– Мен – “Құлагер”-дің жанкүйерімін. Олар кеше болмашы жерден ұтылды. Қарымта матчта есе қайтарады.

Екінші, 20 минуттықта жерлестеріміз “Алтай Торпедо” командасының ойыншыларын әбден тығырыққа тіреді. Құлагерліктер жиі қарсылас қақпаға шайба бағыттап, басымдықты өз қолдарында ұстады. Ақыры, тағы да сол Максим Волков шеберлігімен танылып, таблодағы есепті 3 те 1-ге жеткізді.

Бұл шайбадан соң солтүстікқазақстандықтар сәл сылбыр қимылдағандай болды. Осыны пайдаланған өскемендіктер кездесудің 30-ші минутында есепті қысқартты. Ал, үшінші периодта гол ешбір қақпаға соғылмады. Сонымен есеп, 3-те 2. Бұл жолы жеңіс тойын құлагерліктер тойлады.

Лукаш Мартинка – “Құлагер” ХК қорғаушысы:

– Алғашқы ойында туындаған мүмкіндіктердің көбін іске жарата алмадық. Бірнеше мүмкіндікті сәтті жүзеге асыра алмай, сан соқтық. Бүгін кешегі қателікті қайталамауға тырыстық. Алда, плей-офф матчтары бар. Сондықтан, бізге қазір әрбір кездесуде ұпай алу қажет.

Қос кездесуден соң “Құлагер” ХК 91 ұпаймен турнирлік кестеде қайта 5-ші орынға сырғыды. Енді, теріскейлік ұжым кезекті матчын наурыз айының 14-15-і күндері Теміртау қаласында жергілікті құрамаға қарсы өткізеді.

 

Култанов Байболат