МТРА жаңалықтары

Ұлысты ұлы күні – Наурыз мейрамында өңірде 600 іс-шара өткізу жоспраланған

Ал қайырымдылық акциялары аясында мүмкіндігі шектеулі, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан балғындар “Нептун” аквапаркінде, “Киндер лендте”, “Мадагаскар” мен қалалық демалыс және мәдениет саябағында ақысыз дем ала алады.

Бұдан бөлек мереке күндері өңірдің тауар өндірушілері азық-түлік өнімдерін көтерме бағамен саудалайды. Наурыздың 21-і мен 22-і облыстық ассамблея ғимаратының алдында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен “Достық Дастарханы” жайғастырылады. Ұлыстың ұлы күнін тойлауға арналған негізгі мерекелік іс-шаралар 22-ші наурызда орталық алаңда өтеді.

 

Риат Шони