Спорт

Полицейлер арасында шағын футболдан турнир өтті

ВЛАДИМИР ДУДОВ – Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАННЫҢ ӘКІМІ:

– Бүгінгі турнир облыстық ІІД басшылығының бастамасымен Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толуына орай өткізіліп отыр. Жарыс тартысты әрі әділ өтетіндігіне сенімдімін. Осындай сайыс арқылы қызметкерлер өздерінің спорттық дайындықтарын көрсетпек.

Алғашқы ойын Ғабит Мүсірепов және Тимирязев ауданы ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлері арасында өтті. Жергілікті тәртіп сақшылары қарсыластарын 7:1 есебімен тізе бүктірді.

АМАНЖОЛ ЖҰМАНОВ – Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНДЫҚ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

– ІІД бөлімдерінің арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырып жатырмыз. Барлығы тиянақты дайындалып келіпті. Нашар команда жоқ. Бәрі мықты. Бәріне тілейтінім жеңіс!

Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды алаң иелері иеленді. Екінші шалақындық құқық қорғаушылар болса, үшінші сатыға Айыртау аудандық ішкі істер бөлімінің полицейлері көтерілді. Турнирдің үздік қақпашысы – Ғабит Мүсірепов аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Владимир Кулик, ал Айыртау ауданы ІІБ бастығының бірінші орынбасары – полиция подполковнигі Марат Серкешов үздік шабуылдаушы атанды. Үздік қорғаушы болып Тимирязев ауданы ІІБ-нің қызметкері – аға лейтенант Мейірман Советов лайық деп танылды. Жеңімпаздар кубок, медаль және сыйлықтармен марапатталды.

Култанов Байболат