Аптадағы маңызды жаңалықтар

Көктемгі қызыл сумен күреске әзірлік

Қапыда қалмас үшін төтенше жағдайда әрекет ететін барлық құрылымдар оған дайындығын шыңдап, ерте бастан қамданған. Бүгіннің өзінде Петропавл су торабы – 88, ал Сергеев су қоймасы – 94 пайызға толыққан екен. Қазір облыстағы су шайып кету қауіпі бар 95 елді-мекен, тағы 291 темір жол және жол учаскілері анықталды. Жалпы өңір жолдарында 2 мыңнан астам су өткізгіш құбыр бар екен.

Еріген қар суы жақындаған жағдайда олардың барлығы іске қосылатын болады. Тағы қыс бойы жауған ақ ұлпаны да шығару жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қажетті 41 мың тонна инертті материалдар мен 140 мың литрге жуық жанар-жағармай қоры әзірленіп, бөгеттер күшейтілілді. Жалпы қауырт маусымға 561 млн теңге қаржы бөлініп отыр.

Нұрлан Бүркітәлин – СҚО мобильдi даярлық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы:

– 2713 адам бар. 827 техника, қайық бар. Барлығымыз күшімізді салып жатырмыз. Облыста 14 отряд құрылды. 16 қызмет бар. Әрбір ауданда, қалада штаб бар.

 

Магжан Ахмадина