МТРА жаңалықтары

2017 жылы СҚО-да бес кәсіпорын жекешелендіріледі

Олар – “Қызылжар оранжереясы” ботаникалық бағы, “Коммунхоз Петропавл” серіктестігі мен “Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттары” мекемелері. Сонымен қатар, облыстық ат спорты мектебі және Александр Винокуров атындағы велосипед клубы да күз айында сатылымға шығарылмақ.

Еске сайлайық, жекешелендірудің екінші толқыны 2014 жылы басталған болатын. Саудаға 35 нысан қойылған. Соның басым көпшілігі – коммуналдық мекемелер. Былтыр өңірде 17 ғимарат сатылыпты.

Марат Жамалиев – СҚО қаржы басқармасы басшысының орынбасары:

– Нысандар әлеуметтік маңызға ие болғандықтан оларды инвесторларға тендер арқылы өткізбекшіміз. Аталған кәсіпорындардың қызметі сол күйінде қалады. Тек оған инвесторлар жеке қаражаты есебінен күтім жасамақ. Осы күні бұған қатысты барлық ақпар тиісті порталға жайғастырылған. Жекешелендіруге жататын ғимараттарды сатып алу және оларды пайдалану шарттары мемлекеттік реестрге енгізілді.

Берік Қасен