МТРА жаңалықтары

Уәлиханов ауданына жаңадан әкім тағайындалды

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:

– Медет Дулатұлы, 1985 жылы СҚО Шал ақын ауданы Жаңасу ауылында туған. Ол СҚМУ, Қазақстан-Ресей университетін тарих, құқық және экономика негіздері, экономика бакалавры мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы Әл-Фараби атындағы №18 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі болып бастады. 2015 жылы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары болды.

Медет Оспанов – Уәлиханов ауданының әкімі:

– Маған артқан сеніміңіз үшін рахмет. Тапсырмаңызды аудан активімен бірлесе атқаруға бар күшімді саламын.

 

Култанов Байболат