Құқық қорғау органдары

Петропавлдың тәртіп сақшылары қылмыстың ізін суытпай ашты

Күдікті:

– Задержали меня. Ограбил магазин. Деньги потратил: телефон купил, водку покупал.

– Вы наркозависимый?

– Нет.

– Сколько денег было?

– Не помню. Около 20, может чуть-чуть больше.

Құрықталған азамат – Петропавл қаласының 44 жастағы тұрғыны. Бұған дейін де дәл осындай қылмысы үшін істі болған. Қарулы қарақшылық шабуыл жасағаны үшін азамат енді 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серік Арғын – Петропавл қалалық ІІБ бірінші полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі:

– Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл қылмыстың ізін суытпай ашуға дүкенде орнатылған бейнебақылау камерасының септігі тиген. Осы ретте тәртіп сақшылары қауіпсіздік ретінде бұндай құрылғыны тек ірі сауда нүктелерінде ғана емес, сонымен қатар ұсақ дүңгіршектерге де қоюға кеңес береді.

Риат Шони