Спорт

“Құлагер” ХК турнирлік кестеде 4-ші орынға көтерілді

Ал қарымта кездесуде теріскейліктер ширақ қимылдап, айдын иелерінің осал тұсын тапты. Бірінші болып есепті “Горняк” ашқанымен, қарқынын ұстап қала алмады. Шайбалар қос қақпаға да бірінен соң бірі дарығанымен соңғы нүктені құлагерлік Николай Столяренко қойып, петропавлдықтарға жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп: 3-4, “Құлагер” командасының пайдасына шешілді. Қос кездесуден кейін теріскейліктер 87 ұпай жинап, турнирлік кестеде 4-ші орынға көтерілді. Енді жергілікті хоккейшілер өздерінің келесі кездесуін наурыздың 10-ы мен 11-і күндері Петропавлда өскемендік “Алтай”-ға қарсы өткізеді.

 

Риат Шони