МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Ассамблеяның кішкентай аруы – 2017” байқауы өтті

Сұлулық сынына 5 пен 8 жастағы 12 қыз бала қатысып, 9 этномәдени орталықтың намысын қорғады. Жеткіншектер сахна төрінде ұлттық көйлектер үлгісін көрсетіп қана қоймай, шығармашылық нөмір және кешкі көйлектерімен барлық жиылғандарды тамсандырды. 5 жасар Амира Авдонина бүгінгі сұлулық сайысына жақсылап дайындалған екен.

Тогжан Акмагамбетова