МТРА жаңалықтары

Өңірде ақпан айында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 20 мың 119 теңгені құрады

Қаңтар айымен салыстырғанда 0,7 пайызға артқан. Тұрғындар ең көп қаражатты азық-түлікке жұмсайды екен. Оның үлесі 12 мың 71 теңге. Ал азық-түліктік емес және де ақылы қызметтерге 8 мың 48 теңге ақша шығындаған. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің қалған бөлігі ет пен балыққа – 21 пайыз, сүтті тағамдар мен жұмыртқаға – 16,4, көкөніс пен жеміс-жидекке – 10,3, нан өнімдері мен жармаға – 9,4, қант, шәй мен дәмдеуіштерге – 2,9 пайызы жұмсалған.
Жекелей аудандық орталықтарға тоқталсақ, мұнда ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 20 мың 79 теңгені құрап отыр. Петропавлда бұл көрсеткіш 104 теңгеге көп.

 

Риат Шони