МТРА жаңалықтары

Бастауыш партия ұйымдарының төрайымдары мереке қарсаңында марапатқа ие болды

Артур Молдағұлов, “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Әйелдер – еліміздегі ауызбіршіліктің негізі. Саясаттағы, әлеуметтік және мәдени саладағы атқарған істері арқылы еліміздің дамуына сүбелі үлестерін қосуда. Өздерінің білімдері мен күш-жігерлерін отбасының татулығы мен қоғамның дамуына арнап келеді.

Қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлі зор дейді 2-ЖЭО қазандық цехы басшысының орынбасары Гүлнәр Жарасбаева. Оның қарамағындағы 120 қызметкердің 20-сы әйел. Жұмыс пен отбасына уақытын тең бөліп жүрген келіншек мереке қарсаңында марапатқа ие болғанына ризашылығын білдірді.

Гүлнәр Жарасбаева – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл ЖЭО-2 қазандық цехы басшысының орынбасары:

– Көп рахмет. Бүгін осылай шақырып құттықтап жатыр. Өзге нәзікжандаларды да мерекемен құттықтаймын.

Залдағы нәзікжандылардың ешқайсысы да назардан тыс қалмады. Бастауыш партия ұйымдарының белсенді төрайымдары алғыс хаттармен марапатталды.

Акбопе Танирберген