МТРА жаңалықтары

Петропавлдық және қорғандық өлкетанушылар онлайн түрде бас қосты

Петропавлдық өлкетанушылар мен тарихшылар Ресейдің Қорған қаласындағы әріптестерімен онлайн режімде байланысқа шықты. Қос тарап екі елдің шекарасына таяу орналасқан бұл қалалардың халқы мен тарихы жайлы әңгімелесті. Қорған Генеологиялық қоғамының жетекшісі Елена Свищева аталмыш шаһар жайлы кептеген ақпараттармен бөлісті. Қос қаланың арасы 300 шақырымды құрайды. Бүгінде онда 2 мыңнан артық қазақ тұрады. Олардың барлығы салт дәстүрді мығым ұстанған. Сондықтан, тарихи отандарымен жиі байланысқа шыққылыры келеді екен. Бүгінгі онлайн кездесу тағы да жалғасын таппақ. Себебі, қорғандық тарихшылар келесі тақырыпты «Музыкаға» арнап, қазақстандық домбырашылардың өнері мен Шәмші Қалдаяқовтың әндерін тыңдағылары келетінін жеткізді.

Акбопе Танирберген