МТРА жаңалықтары

Былтыр өңір аңшылары 78 млн теңгенің өнімін өндірген

Статистердің мәліметіне сүйенсек, былтыр олар шамамен 78 млн теңгенің өнімін өндірген. Осылайша 2016-шы жылы өңірде 913 тұяқты және 12 мың мамық-жүнділер мен 45 мыңнан астам құс атылып алынды. Бүгінде аң шаруашылығына бөлінген жердің жалпы ауданы 5,7 гектарды құрап отыр. Бұл аумақта шамамен 12 мың тұяқты жануар мен 48 мыңға жуық мамық-жүнді аңдар өмір сүреді. Оларды 162 қорықшы бақылап отырады екен. Айту керек, өткен жылы өңірде аң шаруашылығын жүргізу үшін 135 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Ол орман жануарларын қорғап, азықтандыру үшін жұмсалған.

Айгерім Ержанова