Спорт

VIII қысқы Азия ойындарында қола медаль иеленген Дмитрий Бабенко Петропавлға келді

Дмитрий Бабенко – VIII қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері:

– Біз Азиадада тек оңтүстіккореялық және жапондық конькишілерге есе жіберіп алдық. Қарсыластарымыз өте мықты. Олардың барлығы да әлем чемпиондары. Ең бастысы алдымызға қойған мақсатқа жеттік.

Александр Суровяткин Дмитрий Бабенконы 1998 жылдан 2005 жылға дейін жаттықтырған. Ол осы жолы да шәкіртінен үлкен үміт күткен екен.

Александр Суровяткин – облыс бойынша конькимен жүгіру спортынан аға жаттықтырушы:

– Дмитрий менің қарамағымда жаттыққан уақытта әрқашан өзіне мақсат қойып, соған жетуге барын салатын. Ол үшін өте қуаныштымын. Бүгіндері өзімнің тәрбиеленушілеріме Димадан әрдайым үлгі алыңдар деп айтамын.

Дмитрий Бабенконы наурыз айының соңында Астана қаласында өтетін ҚР чемпионаты күтіп тұр. Айта кетсек, бүгіндері өңірде конькимен жүгіру спортына 250-ге жуық солтүстікқазақстандық жеткіншек ден қойған. Ал, 11 спортшы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері дәрежесіне жеткен.

 

Тогжан Акмагамбетова