МТРА жаңалықтары

Асқар Сақыпкереев СҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Асқар Жоламанұлы аталмыш ведомствоны 2004-ші жылдан бері басқарып келген. Ол Целиноград ауыл шаруашылығы, Алматы политология және басқару институттарын, Қазақстан-Ресей университетін “агроном-ғалым”, “саясаттанушы”, “құқықтану бакалавры” мамандықтары бойынша бітірген.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Асқар Сақыпкереев өзінің еңбек жолын 1981 жылы Булаев ауданының Қарақоға кеншарының тұқым өсіруші агрономы болып бастады. Түрлі жылдары Булаев аудандық комсомол комитетінің екінші, бірінші және СҚО комитетінің хатшысы болып жұмыс істеген. Асқар Жоламанұлы енді жаңа қызметте экономика, жұмыспен қамтуды үйлестіру мен мемлекеттік бағдарламалар, еңбек инспекциясы, дене шынықтыру және спорт саласына жетекшілік ететін болады.

Асқар Сақыпкереев – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

– Маған артқан сенімдеріңіз үшін алғыс білдіремін. Өзіме жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруға тырысамын. Барлығымыз да бір ұжымда табысты еңбек етіп, өңірімізді бірге көркейтеміз деген сенімдемін.

 

Риат Шони