МТРА жаңалықтары

Алғыс айту күні зейнеткерлер тегін қатынауда

24-ші автобустың жүргізушісі Владимир Дуниннің жұмысы таңғы 6-дан 40 кеткенде басталады. Осылайша Береке ықшам ауданынан Пестрое көліне дейінгі бағытта кешкі 8:45-ке дейін тұрғындарды тасымалдайды. Бүгін – ерекше күн дейді жүргізуші. Себебі, көлікке отырған қариялар батасын беріп, алғысын жауыдырып жатыр.

Владимир Дунин, автобус жүргізушісі:

– Алғыс айту күніне орай зейнеткерлерді тегін тасымалдаудамыз. 65 теңге жолақысын үнемдеп қалады. Таңертеңнен 7-8 қарт отырды. Барлығы да алғысын білдіріп жатты. Бұл менің жұмыс күнімді өнімдірек етіп, көңілімді көтеріп тастайды.

Балхаш Усеинова Береке шағын ауданында тұрады. 67 жастағы қария күн сайын емханаға қоғамдық көлікпен қатынайды. Бұрын тек қарттар мерекесі мен Ұлы Жеңіс мейрамында ғана тегін жүретін едік, енді Алғыс айту күнінде де назардан тыс қалмаған екенбіз деп қуанды әжей.

Балхаш Усеинова, зейнеткер:

– Ауруханаға бара жатырмын. Бүгін автобустар біз үшін тегін. Соған қуаныштымын.

Автобусқа отырған қария тек діттеген аялдамадан түсерінде зейнет жасына жеткенін растайтын құжатын көрсетсе жеткілікті.

 

Акбопе Танирберген