Спорт

Солтүстікқазақстандық жастар белгілі спортшылармен кездесті

Бұдан соң қыз-жігттер спортшылармен әңгімеге көшті. Әсіресе, жастар кәсіпқой бокстан WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша чемпион Жанат Жақияновпен тілдесуге асық. Олар былғары қолғап шеберіне өздерінің сұрақтарын жаудырып, тұшымды жауаптар ала алды.

Жастармен кездесуге гір көтеру спортынан әлемнің 33 дүркін чемпионы, 4 рет Гиннес рекордтар кітабына енген Виктор Сайко да келіпті. Ардагер жеткіншектерге өзінің ақыл-кеңесін айтып, спортпен шұғылдануға шақырды.

Виктор Сайко – гір көтеру спортынан әлемнің 33 дүркін чемпионы:

– Әрбір адам спортпен айналысуға тиісті. Әсіресе, жастар салауатты өмір салтын ұстаса жақсы. Сонда олар үнемі сергек, белсенді болып жүреді. Менің бала күнімде спортпен толыққанды шұғылдануға мүмкіндік болмады. Ал, қазір елімізде ұл-қыздардың әлем чемпиондары болуларына жағдай жасалған.

Жастар чемпиондармен кездескендеріне қуанышты.

Арсен Заманбек – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Мен Жанат Жақияновпен кездесуді бұрыннан армандадым. Бүгін соның сәті түсіп отыр.

Жиынға Бразилияның Рио-де Жанейросында өткен жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы Екатерина Эктова да келді.

 

Култанов Байболат