Құқық қорғау органдары

Көкшетаудан келген ұрылар Петропавлда пәтер тонаған

Задержанный:

– Заходили в квартиры через дверь. Я их не открывал, я точно не знаю, как их открывали. С тремя подельниками.

Петропавлда ұзақ қонақтамай үйлеріне аттанған. Бірақ, сытылып кете алмады. Келлеровкаға жетер-жетпес жолда солтүстікқазақстандық полицейлердің қолына түсті. Қазір олар 4 тонау оқиғасын мойындарына алып отыр. Оның саны бұдан да көп болуы ықтимал, дейді тәртіп сақшылары.

Сәния Исембаева, – Петропавл қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі:

– Олар арам ойларын көп жағдайда күндіз, пәтер иелері жұмыста болғанда жүзеге асырған. Ұрылардың үшеуі бұрын да істі болған. Аталған фактіге қатысты ҚР қылмыстық кодексіның 188 бабы бойынша іс қозғалды. 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылулары мүмкін.

Жыл басталғалы екі-ақ ай өтті. Бұл уақыт ішінде өңірде 200-ден артық ұрлық-қарлық оқиғасы тіркеліп үлгеріпті.

Акбопе Танирберген