Құқық қорғау органдары

Героин сатумен айналысқан екі келіншекке сот үкімі шықты

Олар есірткіні өз үйлерінде сақтап, облыс орталығына әкеліп саудалаған. Бұл тергеу амалдары барысында белгілі болды. Екеуінен табылған героинннің жалпы салмағы 70 граммды құрады. Бұл аса ірі көлемдегі есірткі болып саналады. Біріне-бірі туыс болып келетін екі келіншектің бұрындары басы істі болмаған. Біреуі тұрмыс құрмаған. Бүгін сот оларға 10 жыл жаза кесті.

Бақытжан Сатвалдинова – СҚО қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

– Барбина мен Диченконы 10 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды. Олар жазасын жалпы режимдегі түзету мекемесінде өтейді. Екеуінің қылмыстық жолмен тапқан мүліктері тәркіленеді.

 

Берик Касен