МТРА жаңалықтары

Алғыс айту күні зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүре алады

Бүгінде шаһарда 24 маршрут жұмыс істейді. Күнделікті жұмысқа 300-ге жуық автобус шығады. Қоғамдық көлікте жүру құны 65 теңгені құрайды. Бірақ, 1-ші наурыз алғыс айту күніне орай зейнет жасындағы қариялар діттеген жерлеріне тегін жете алады.

Галина Семенова – “СҚО жолаушылар тасымалы” қауымдастығының төрайымы:

– Бұндай шараны біз қазанның 1-інде ұйымдастырған болатынбыз. Енді игі дәстүрді ертеңде жалғастырамыз. Бұл күні барлық маршруттарда қариялар зейнеткер екендігін куәландыратын құжатын көрсетіп, тегін жүре алады.

 

Риат Шони