Спорт

СҚО-ның спортшылары әлемдік ареналарды бағындыруда

Ал атағынан ат үркетін “Astana pro team” велокомандасы Бахрейнде жалауын желбіреткен 37-ші Азия чемпионатында мықты екенін тағы бір дәлелдеді. Жарыстың алғашқы күнінде теріскейлік Алексей Луценко, Бахтияр Қожатаев пен Жандос Бижігітов бастаған жігіттер қарсыластарын шаң қаптырып, мәре сызығын бірінші болып кесті.

Тақтайдай тегіс жолда жүйіткіген жерлестеріміз тамаша командалық өнер көрсетіп, Жапония мен гонконгтық қарсыластарын артта қалдырды. Айта кету қажет, “Astana pro team” велокомандасы шабандоздары 38 шақырымды 47 минут 21 секундта оңай еңсеріп, мәреге құраманың барлық мүшесі бір кісідей келіп жетті. Бахрейнде ақпанның 24-і жалауын желбіреткен жарыс наурыздың 3-іне дейін жалғасады.

 

Риат Шони