Спорт

Петропавлда қыздар арасында үстел теннсінен шағын турнир өтті

Алғашқы кездесуді Елена Таранина Ирина Гореликпен өткізді. Бұл партияда қос ару да барынша шапшаңдық танытып, әдемі ойын көрсетуге тырысты. Бірақ, Елена қарсыласынан 2-де 0 есебімен ұтылып қалды. Десе де нәзікжанды бұған мойыған жоқ, келесі кезеңдерде есесін қайтарып алды. Осылайша, ол 3 кездесудің екеуін жеңіспен аяқтап, финалдық бәсекеге жолдама алды.

Елена Таранина – сайысқа қатысушы, «Радуга» ЖШС менеджері:

– Бүгінгі кездесулер жақсы өтті. Қарсыластарым да осал емес. Жеңіліс пен жеңіс қатар жүрді. Бірақ, бастысы финалға өттім. Енді турнир жеңімпазы атанамын ба деген үміт те жоқ емес. Негізі үстел теннисімен өзім үшін айналысамын.

Бұл күні жарысқа 10-ға жуық нәзікжанды қатысты. Айту керек, мұндай турнирді ұйымдастыруды «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалы дәстүрге айналдырған.

Кеңес Мұқышев – «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Бүгінгі шараға 10 ұйымның нәзікжандылары келіп, теннис ойнады. Алдағы уақытта бұл жарыс – дәстүрлі сайысқа айналмақ.

Жеңімпаздарға кубок пен грамоталар және бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Айгерим Ержанова