МТРА жаңалықтары

Петропавлда 2 құрылысшы көпқабатты нысаннан құлап кетті

Ержан Әбуғалиев – № 3 қалалық аурухананың бас дәрігері:

– Құрылысшылар бізге ауыр халде түсті. 78 жылғы туылған азаматтың 11-ші, 12-ші кеуде омыртқасы және сол жақтағы 10-шы қабырғасы сынған. Ал екіншісінің оң жақтағы бірнеше қабырғасы сынғандығы белгілі болды. Сондай-ақ, оң жақ бүйрегі мен бел омыртқасына зақым келген. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Бүгінгі таңда екеуінің де жағдайы тұрақты.

Тағы, сол күні нысанның 10-шы қабатынан тағы бір құрылысшы құлады деген ақпарат бар. Әзірге, бұл мәлімет расталмаған дерек болып отыр.

– Петропавлда орын алған оқиғаның басты себебін анықтау, әзірге, мүмкін болмай отыр. Тек облыстық Еңбек инспекциясының хабарлауынша қос азамат сатының сынып кетуінен жерге құлады деген ақпарат бар. Қазір, бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Алдағы 1-2 күнде барлық мәлімет белгілі болмақ.

 

Култанов Байболат