Аптадағы маңызды жаңалықтар

Елімізде конституциялық реформаның жалпыхалықтық талқылауы аяқталды

Онда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 40 шақты міндетін Үкіметке немесе Парламентке беретіндігін айтты. Осылайша, министрлер кабинеті еліміздің әлеуметтік-экономикалық процестерін реттемек. Сонымен қатар, орталық атқарушы органдарды құрып, оларды қысқарту міндеті де Үкіметтің мойнына жүктеліп отыр.

Ал Парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия министрлер креслосына кімнің отыратындығын анықтайды. Кейін ведомство басшылары атқарылған жұмыстар жайлы бұрынғыдай Елбасы алдында емес, Мәжіліс алдында жауап беретін болады. Ал Президент билік тармақтары арасында Жоғары төреші міндетін атқармақ.

Бұл ұсынысты барша қазақстандықтар 30 күн бойы талқыға салды. Елбасының бастамасымен Конституцияға өзгерістер енгізуге қатысты пікірлерін өңір тұрғындары да білдірді. Бұл ретте бір ай бойы Жұмысшы топ аймақтарды аралап, халықтың ұсыныстарын жинады. Тұрғындардың тілегін Президенттің Мемлекеттік-құқықтық Әкімшілік бөлімі қабылдады. Енді олар Конституцияға енгізілген жаңа заң жобасын Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстыратын болады.