Спорт

VІІІ қысқы Азия ойындарында конькишілеріміз қоржынға қола медаль салды

Додада отандастарымыз тек оңтүстік кореялықтар мен жарыс қожайындарына есе жіберді. Ал, төртінші орын қытайлықтарға бұйырды. Бұл жеңісімен Дмитрий Бабенконы облыс әкімі Ерік Сұлтанов құттықтап, спортшыға жедел хат жіберді. Өз сөзінде аймақ басшысы ел мерейін асырған жерлесімізге зор ықыласын білдіріп, бұдан да биік белестерді бағындыруды тілеген екен.

 

Култанов Байболат