МТРА жаңалықтары

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман зиратының қағидаларын бекітті

Шариғат бойынша бейіттің төбесі ашық болуы шарт. Қабірге әр уақытта күннің сәулесі түсіп, жаңбыр тамшысы тамуы қажет екен. Алайда, бұл талап қазіргі күні ережеге сай дұрыс орындалмай келеді. Облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай адамдар ысырыпшылыққа жол бермей, қарапайым үлгіде мазар тұрғызу қажеттігін айтады.

Кенжетай қажы Дүйсенбай – облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы:

 

– Мұхаммед пайғамбарымыз бір хадисінде қабірді көркейткенше, қалаларынды көркейтіндер дейді. 09:34 Зиаратта жалпы бір қоршау болуы керек. Одан бөлек күмбез тұрғызу шариғатқа қарсы келеді. Бейіттің биіктігі белден жоғары болмауы тиісті.

Мынау қала сыртындағы мұсылмандар зираты. Қабірлердің көбінде марқұмдардың фотосуреттері орнатылған. Кейбір құлпытастарда мүсін бейнесі ойылып жасалған. Бұған ислам дінін терең оқыған Шерияздан қажы Башеев үзілді-кесілді қарсы. 80-нің сеңгіріне шыққан ақсақал мазар салуға жұмсалған ақшаның бір бөлігін қайырымдылық іске берген жөн дейді.

Шерияздан қажы Башеев – қала тұрғыны:

– Керемет зәулім мазар салуды өзім жөн көрмеймін. Ол ақшаны мектеп, мешіт салуға жұмсалса дұрыс болар еді. Жетім-жесірсе көмек жасалса да болады.

Бұған дейін мазар салынып қойылса, оны бұзуға болмайды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында құлпытас салуға қатыста да талап бекітілді. Тастың биіктігі – 1 жарым метр, ал ені 50 см болуы қажет.

Кенжетай қажы Дүйсенбай – облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы:

– Шариғатта қабір басына тасқа қоюға рұқсат берілген. Оған мәйіттің аты-жөнін, туылған және дүниеден өткен күнін, датасын жазуға болады. Бірақ, Құран аяттары аяқасты болып кетпес үшін құлпытасқа жазбаған жөн.

Тағы, қабірді жабу үшін табиғи материалдардан ағаш, тақтай, шыбық, плитаны пайдалануға болады. Ал, тасқа қашап жазылған жазу көмескілене бастаса оны қайта қалыпқа келтіруге болады.

 

Култанов Байболат