МТРА жаңалықтары

Петропавлда заңсыз айналымда жүрген ірі көлемдегі сыра жойылды

– Дәл қазір қала сыртындағы тұрмыстық қалдықтар полигонында 6 аталым бойынша шығарылған сыра жермен жексен етілуде. Өзіміз байқағандай маңай көлге айналған. Бұл алкогольдік өнімдердің жақын арада сақтау мерзімі аяқталады екен. Сол себепті, ауыр машинаның табанында тапталуда.

Бұл заңсыз сыра шекарадан өткізбек болған саудагерден тәркіленіпті. Оның қолында саудаға рұқсат беретін тиісті құжаттары болмаған. Бұған жол бергені үшін айыпты азамат әкімшілік жауапқа тартылды.

Сандыбай Қарабай – СҚО Әділет департаментінің сот орындаушысы:

– Тәркіленген ішімдіктің жарамдылық мерзімінің аяқталуына санаулы күндері қалғаны белгілі болды. Саудагерге 100 АЕК айыппұл салынды.

Тағы, бұл жерде 129 бөтелке басқа да қызулығы жоғары ішімдік түрі, сонымен қатар 5 сим картаның көзі жойылды.

Инесса Кузнецова – СҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім жетекшісі:

– Бұл тауарды департамент мамандары жүргізген рейд барысында тәркіледік. Анықтай келе алкогольдік өнімнің тиісті құжаттары болмай шықты. Сол себепті, техниканың табанында тапталуда. Алдағы уақытта рейд шараларын жиі өткізетін боламыз.

Жалпы, үстіміздегі жылы өңірде заңсыз айналымда жүрген 2257 шөлмек сыра тәркіленіп, жойылған екен.

 

Култанов Байболат