МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Әйелдер көшбасшылығы мектебiнің” жиыны өтуде

Тұрғын Сабирова – Ақжар аудандық ата-аналар кеңесінің төрайымы:

– Ақжар ауданында жас отбасылармен жиі жұмыс істейміз. Оларды кездесулерге шақырамыз. Қойған сұрақтарына жауап беріп, ақылымызды айтамыз.

Өңірде әр жыл артқан сайын белсенді нәзікжандылардың саны көбейіп келеді. Мәселен, облыстағы кiшi және орта бизнесті ұршықша иіргендердің 40 пайызын әйелдер құрайды екен. Тағы, қазір қоғамдық ұйымдарға жетекшілік ететіндердің арасында қыз-келіншектердің қатары басым. Семинарға қатысушылардың ішінде мұғалім, дәрігер, полицейді де байқауға болады. Олар өзара үнемі байланыста болып, қоғамның дамуына үлестерін қосуы қажет дейді, -облыстық “Әйелдер көшбасшылығы мектебiнің” төрайымы Елена Балло.

Елена Балло – СҚО “Әйелдер көшбасшылығы мектебiнің” төрайымы:

– Бұл үстіміздегі жылы өткізіп отырған алғашқы семинарымыз. Жиында нәзік жандылар өзара әңгімелесіп, ақыл-кеңестерімен бөліседі. Семинар барысында қыз-келіншектердің көшбасшылық қабiлеттерiн арттыру мақсатында дәріс өткіземіз. Жыл соңына дейін тағы 4 осындай семинар ұйымдастырылмақ. Жалпы, бүгінгі таңда облыстық Әйелдер көшбасшылығы мектебiніне 213 нәзікжанды мүшелік етеді.

Жалпы, Петропавлда облыстық “Әйелдер көшбасшылығы мектебiнің” жиыны 2- күнге жалғаспақ. Семинарға қатысушы 40-қа жуық нәзікжандыға арнайы сертификаттар табысталады.

Култанов Байболат