Konstitutsia banner mobile

МТРА жаңалықтары

Өңірде қар құрсауында қалудың 35 оқиғасы тіркелген

Ақпанның 22-іне қараған түні Черкасское ауылының 62 жастағы тұрғыны асқынған аппендицит дертімен жедел жәрдем көлігімен Аққайың аудандық ауруханасына келе жатқан жерінде оппа қарға тұрып қалады. Көлікті шығару үшін жедел түрде құтқарушылар жетеді. Олар жолды тазартуға арнайы техникаларды жұмылдырды. Содан соң ауыр хәлде жатқан науқасты аудандық ауруханаға жеткізді.

Тағы осы түні Айыртау ауданының орталығынан 42 шақырым қашықтықта орналасқан Антоновка ауылының 1949 жылғы тұрғыны инсультқа шалдығып, шұғыл ауруханаға жеткізу қажет болған. Бірақ, елді мекен қар құрсауында қалғандықтан тағы да құтқарушылар көмекке келіп, науқасты Саумалкөл селсындағы ауруханаға жеткізеді.

 

 

Тогжан Акмагамбетова