МТРА жаңалықтары

Есірткінің зияны жайлы онлайн сабақ

Мамандар интернет арқылы балаларға есірткінің түрлері мен оны пайдаланғаннан кейін қандай жағдайға душар болатындықтарын түсіндірді. Сонымен қатар, елімізде есірткіні қолданып таратқандарға Қылмыстық Кодекстің қай бабымен жаза қолданылатындығы айтылды. Жалпы жыл басынан өңірімізде аталған улы затты сату бойынша 17 факті анықталған. Қаңтар айында ғана заңсыз айналымнан есірткінің 15 келісі тәркіленіпті. Оның 120 грамы – героин.

Вадим Ахметшин – №2 орта мектептің оқушысы:

– Мұндай ақпараттық кездесулер болғаны жақсы. Бүгін бізге зиянды затты пайдаланып, таратқаны үшін қандай жаза қарастырылғандығы туралы айтылды. Сондай-ақ, мен Қылмыстық кодексте есірткіні сақтау және пайдалану туралы екі баптың барын білдім.

 

Айгерим Ержанова