Солтүстікқазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, ет, сүт, бал, май сынды экологиялық таза тағамдарын Қытай, Ресей нарықтарына өткізе алады. Ол үшін иелігінде ұсақ және ірі малы бар шаруашылықтар кооперативке бірігуі қажет. Сонда қажетті құрал-жабдықтар мен техникалар қолжетімді бола түседі. Оған қоса коперация қарамағындағылар алып-сатарларға қарап отырмай, ақ пен етті өңдейтін зауытармен тікелей байланыс орнатып, мемлекеттен сүттің әр литірі үшін шамамен 75 теңге субсидия алатын болады.
Болат Әбілмәжінов – “Қантемір-Агро” ЖШС директоры:
– Өсімдік және мал шаруашылығы институтының ғалымдары шаруалармен тығыз жұмыс жасау керек. Алдағы уақытта шаталден әкелінген асыл тұқымды малдың өнімділігін төмендетіп алмау қажет. Оған қоса өсімдік шаруашылығында кемшін тұстар жетерлік. Осының бәрін ғалымдармен бірлесіп шешсек дұрыс болады.
“Қантемір-Агро” ЖШС 6 мың гектар егістік алқабы бар. Серіктестіктің директоры биыл майлы дақылдарды көбірек сеуіп, суармалы жерлердің аумағын кеңейтпекші. Осы ретте ауыл шаруашылығы салысына қажетті мамандар даярланып, олар агроқұрылымдарға жіберіледі. Ауылда бос сенделіп жүрген мамандар оқытылады.
Уақыт Бейсембаев – “Нұр Отан” партиясы Тайынша аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
– Біз келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді сезінеміз. Қазіргі таңда Тайынша ауданындағы бастауыш партия ұйымдары тұрғындарға Елбасы тапсырмаларын жеткізді. Бүгінде “Нұр Отан” партиясы Тайынша аудандық филиалы 39 жұмыс беруші және ауыл шаруашылығы кооперативтерімен меморандум жасасты. Келісім шарт аясында олар жастарды еңбекке тартады.
Бүгінде жастарды ауылға тарту үшін мемлекеттік бағдарламалар аясында баспаналар тұрғызылып, көтермеақылар берілуде.
Берік Қасен