Спорт

Теріскейлік саңлақ Ринат Мухин VIII-ші қысқы Азия ойындарында ел қоржынына алғашқы алтын медальды салды

Жапонияда өтіп жатқан 8-ші қысқы Азия ойындарында ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Сапасы жоғары жүлдені жерлесіміз Ринат Мухин салды. Теріскейлік саңлақ жекелей сында 15 шақырымға шаңғымен жүгіруде алдына жан салмай мәре сызығын бірінші болып кесті. Ол қос жапондық спортшы Наото Бабу мен Акира Лентингті шаң қаптырды. Оның уақыты 41 минут 25 секундты құрады. Ринат Мухинді жарқын жеңісімен аймақ басшысы Ерік Сұлтанов та құттықтады. Облыс әкімі спортшыға жеделхат жолдап, толағай табыстар мен зор денсаулық тіледі.
Айта кету қажет, Ринат Мухин бұған дейін Алматыда өткен Универсиадада күміс жүлдеге ие болған. Ал тағы бір жерлесіміз Дмитрий Бабенко конькимен 5 мың метрге жүгіруде 5-ші орыннан көрінді. Ол жеңімпаз атанған Оңтүстік Кореяның өкілі Сён Хун Лидан 16,85 секунд қалып қойды.

 

Риат Шони