МТРА жаңалықтары

Қызылжар ауданында Тепличное селосында 2 қабатты үй өртеніп кетті

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жалын 170 шаршы метрді шарпыды. Өрт кезінде үйдің ішінде ешкім болмаған. Оқиға орнына 21 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылды. Өртке оранған үйдің ішінен мамандар үш газ балонын алып шықты. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін бір сағат уақыт кеткен. Қазіргі таңда оттың шығу себебі анықталуда.

Берик Касен