Құқық қорғау органдары

Петропавлда үй тонаған ұрылар қолға түсті

Олардың барлығы бір уақыт аралығында жасалғаны күдік тудырыпты. Қылмыскерлер үй иелері күндіз жұмыста болғанда баспанаға ұрланып кірген. Әккілерге есікті ашу қиындық туғызбабты. Ақшадан бөлек, зергерлік бұйымдар мен тұрмыстық техникаларды ұрлаған. Олардың бұл ермектері ұзаққа созылмады. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер бірден қолға түсті.

Алмаз Жәкенов, Петропавл қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары:

– Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыскерлер Мұқанов көшесі бойында орналасқан бейнекамералардың біріне түсіп қалған. Кейін күдіктілердің кім екендігі анықталып, ұсталды. Бүгінгі таңда күдіктілер жасалған 10 ұрлыққа қатыстылықтарын мойындап отыр.

Ұрылар 28-30 жастағы қала тұрғындары екен. Бұған дейін де дәл осындай қылмыстар жасап істі болған. Екеуі де нашақор.

Күдікті:

 

– Үй ішіне таңғы сағат 10 мен кешкі сағат 6 аралығында адамдар жұмыстарында болған кезде кірдік. Қолымыздағы аспап келетін құлыпты есіктерді тықылдаттық. Ешкім ашпаған жағдайда үй ішінде ешкімнің жоқ екендігіне көз жеткізу үшін тағы бір мәрте тықылдаттық. Содан соң аспап арқылы құлыпты ашып, ішке еніп отырдық.

Қазір баукеспелерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оларға 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылу қауіпі төніп тұр.

Акбопе Танирберген