МТРА жаңалықтары

Петропавлдық бүлдіршіндер назарына лазерлік шоу ұсынылды

Кішкентай су перісі теңіз астындағыдан басқа әлемнің барын бүгін білді. Әңгіме құрлық жайында емес. Қыздың ойын ғарыш әлемі мен ондағы құпиялар жаулап алды. Планеталарды көру үшін оған ғарыш кемесі керек. Егер сүйкімді су перісі жанына сенімді серіктерін жиса әкесі Тритон оны да алып беремін деп уәде етті.

Ғарышты бағындыру мүмкіндігіне ие болғысы келетін балардың сүйікті кейіпкерлері көп болып шықты.

Мысық Том, Торай Пеппа, Маша мен аю – барлығы осында. Олардың қатарынан өрмекші адамды көрген ұлдар ерекше қуанышты.

Барлық отбасы мүшелеріне арналған мультимедиялық, интерактивті қойылымды Петропавлға Ресейдің Самара облысының әртістері алып келген. Ерекше туынды бірнеше жыл бұрын қойылған. Сол уақыттан бері ғарыш кемесінің жолаушылары сан мәрте өзегерді. Кішкентай көрерменге қызығырақ болуы үшін жаңа шыққан мульфильмдердің кейіпкерлері қосылып отырыпты. Бұл қойылымда 50 кейіпкер бар.

Татьяна Муханова, «Гуливер» театрының әрітсі, РФ, Самара облысы:

– Ең көп сұранысқа ие сүйімді кейіпкеріміз – Торай Пеппа. Жұртшылыққа қойылым ұнайды. Балалар шаттанып, қуанады. Жарайсыңдар, тағы келіңдер деп дауыстап жатады.

Видео көрсетілім, музыкалық сүйемелдеу мен интерактивті ойындардан бөлек қойылымның сәнін лазерлық шоу кіргізді.

Максим Лобода, «Гуливер» театрының әртісі, РФ, Самара облысы:

– Лазерлік шоуды дайындауға көп уақыт жұмсадық. Балалардың көңілін аударатын роботтарды да қосу керек деп таптық. Олардың барлығы да акробатикалық трюктарды меңгерген. Барынша қызықты болуы үшін күш салдық.

Орындарында отыра алмаған балақайлар – ортаға шығып, ертегі кейіпкерлерімен билеп жүрді. Оларға көрермен залын айналып ұшып жүрген алып әрі жеңіл доп ерекше ұнады.

Үздік топ жиналды. Тритон уәде еткен ұшатын кеме де осында. Енді жолға шықса да болады. Қойылым балаларға ғана емес ересектерге де ұнады.

– Бізге барлығы ұнады. Ұлым басынан аяғына дейін биледі. Оның сүйікті кейіпкерлері болды.


– Бәрінен де лазерлік шоу ұнады. Мен әрқашан мультфильмнен көріп жүрген торай Пеппа болды.

Интерактивті-лазерлі шоуды Ресейдің көптеген қалаларында тұратын балғындар тамашалады. Петропавл – қойылым сахналанып отырған Қазақстандағы 28-ші шаһар. “Жұлдызды топтың” бұл қойылымын тамашалау кезегі атыраулық балғындарға бұйырмақ.

 

Акбопе Танирберген