МТРА жаңалықтары

Өткен жылы 1318 солтүстікқазақстандық отбасы баспаналы болды

Статистика департаментінің берген мәліметіне сәйкес, өңірде 164 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріліпті. Оның жартысынан көбі Петропавл қаласына тиесілі екен. Сөйтіп, облыс орталығындағы құрылыс саласының өсімі 117 пайызды құраған. Ал елді мекендерде 50 мыңнан астам шаршы метр баспана тұрғызылды. Бұл ретте айта кету керек, аудандар арасында Қызылжар мен тайыншалықтар көш бастаған. Жалпы тапсырылған баспаналардың 541-і тұрғындардың өз қаражатына салынса, бюджет есебінен 49 мың шаршы метр баспана бой көтерген. Қалғаны құрылыс компаниялардың есебінен тұрғызылды. Қаңтар мен желтоқсан айлары аралығында аталмыш салада 15 млрд 102 млн теңге игеріліпті. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 63 пайызға жоғары.

Магжан Ахмадина