Құқық қорғау органдары

СҚО-да “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу шарасының алғашқы күнінде 400-ден астам құқықбұзушылық тіркелді

Полиция қызметкерлері елді мекен ішінде ғана емес, сонымен қатар облыстық және республикалық маңыздағы жолдардағы қозғалысты қадағалауда.

Акцияның алғашқы күні 400-ден астам құқықбұзушылық тіркелді. Жүргізушілердің кейбірі көліктеріне жалған мемлекеттік нөмір тағып алған. Телефонмен сөйлесіп, жылдамдықты асырғандар да жетерлік. Тағы бірнешеуі қауіпсіздік белбеуін тағынбау, қарсы беттегі жолаққа шығып кету, бағдаршамның түсін елемеу сынды заңбұзушылықтарға барған. Осы ретте айта кетейік, көлікті басқару құқығынан бір рет айрылған адам екінші рет сол қателігін қайталаса, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айппұл төлейді.

Жанат Сұлтанов – СҚО ІІД жол-патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары:

– Акция ақпанның 18-іне дейін өтеді. Біз өрескел заң бұзған адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартып жатырмыз. Араларында кәмелет жасына толмағандар да бар. Бір жасөспірім жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған. Сол үшін оның ата-анасы 11 мың теңге айыппұл төлейді.

Берік Қасен