Спорт

“Құлагер” ХК сырт айдында атыраулық “Бейбарыс” ХК екі мәрте тізе бүктірді

Алғашқы ойында біздің жігіттер жайық жағасының хоккейшілерін оңайлықпен, 1-3 есебімен жеңді. Ал, келесі қарымта кездесуде айдын иелері мүлдем басқаша тактика қолданды. Соның арқасында екінші периодта Андер Янковтың қақпасына екі мәрте шайба дарытты. Ал, петропавлдық ұжым болса бір-ақ рет гол соқты. Үшінші кезеңде Максим Горечишников есепті теңестіріп, ойынды овертаймға дейін жеткізді. Бұл сәтте команда капитаны Ильгиз Нуриев мергендігімен танылып, ұжымға кезекті жеңісті сыйлады. Қорытынды есеп 2-3. Енді петропавлдық хоккейшілер келесі ойындарын наурыздың 2-сі мен 3-і аралығында үйде өткізеді. Бұл жолы теріскейліктер чемпионаттың көшбасшысы көкшетаулық “Арлан”-ның осал тұсын іздейтін болады.

 

Риат Шони