МТРА жаңалықтары

Облыстың экономикалық дамуы

Оның 67,7 пайызы шаруашылық субъектілеріне тиесілі. Сондай-ақ, облыс кәсіпорындары 15,6 млрд теңгенің өнімін өндірген. Тауардың басым бөлігін өңдеу кәсіпорындары шығарыпты. Олардың үлесі 63,7 пайызды құрайды. Сонымен қатар, ірімшік және сүзбе – 1,7, өңделген сұйық сүт және кілегей – 1,6, ұзық сақталатын кондитерлік өнімдер 1,4 есеге артық әзірленген. Бұған қоса кен өнеркәсібінің де ісі өрге басуда. Аталған саладағы өндіріс көлемі 15,2 пайызға өсіп отыр. Тағы бір айта кететін жайт, өткен айда облыс аумағында 23 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды. Оның 21-і тұрғын үй болса, қалған 2-уі – тұрғын үй емес мақсаттағы нысандар. Жалпы облыс аумағында 3004 шаршы метр баспана қолданысқа берілді. Айта кету қажет, жыл басында бөлшек сауда көлемі 13,1 млрд теңгені құрады. Оның 52,9 пайызы жеке кәсіпкерлерге тиесілі. Ал көтерме сауданың көлемі 13,9 млрд теңгеге жетті.

 

Риат Шони