МТРА жаңалықтары

Жаңа қадам – заман талабы

Данияр Уәлиев – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары:

– Жалпы білім ордаларындағы стандарттың жаңартылуы бойынша алдағы уақытта қандай жұмыстар атқарылады? Бұл бағытты қалай ұстанамыз? Бұл ретте Елбасымыз жастарды сыни тұрғыда ойлауға үйретуді талап етуде. Сондықтан жаңартылған білім стандарты осы үшін жұмиыс жасамақ.

Аталмыш кездесуге «Қазақастан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев келіп, солтүстікқазақстандықтарға маңызды құжатта көрсетілген мақсат-міндеттерді түсіндірді.

Мұхтар Манкеев – «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы:

– Қазіргі таңда еліміз 3-ші жаңғыруға келді. Бұрын біздер тек қана саяси-экономикалық жаңғырулардан өткен болсақ, бұл жолы 2017 жылы екі жаңғыру қатар жүргізщілмек. Бұрын соңды мұндай елімізде болмаған. Сондықтан қазір Президенттің Үндеуіндегі конституциялық реформалар мен жаңа экономикалық моделге біз қаншалықты дайынбыз? Және де бұл екеуінің арасында қандай қатынас байланыс бар? Соны түсіндіру біздің басты мақсатымыз.

Сонымен қатар, Мұхтар Манкеев жерлестеріміздің ұсыныс-тілектерін тыңдап, пікір алмасты. Әсіресе, бұл жолы Елбасы Үндеуінде жарияланған билік тармақтарын бөлуге қатысты мәселеге басымдық берілді.

Владимир Бубенко – СҚО мәслихатының хатшысы:

– Билік тармақтарын бөлу – өте маңызды әрі уақытылы шешім деп ойлаймын. Біз мұндай өзгерістерге дайынбыз. Депутаттар да бұл іске жауапкершілікпен қарап, Елбасымыз жүктеген міндеттерді орындауға барынша тырысатын болады.

Айту керек, мұндай Жалпыұлттық алаңдағы кездесулер барлық өңірде өткізіліп, маңызды құжаттарға қатысты халықтың пікірі тыңдалатын болады. Ал жиынның соңғы нүктесі келер аптада Астана қаласында қойылмақ.

 

Айгерим Ержанова