Әзірге, бұл картинаның аты «Жас Қазақстан» деп аталады. Ал суретшінің төрінен орын алған келесі туынды сақадай сай тұр. Суретте қазақ батыры Батыр Баян бейнеленген. Бұл еңбек – тарихи тақырыптағылардың ең алғашқысы. Суретті салу үшін әрбір қылқалам шеберіне дайындық пен бейнені жіті зерттеу қажет дейді.
Марат Қожахметов – ҚР Суретшілер одағының СҚОФ төрағасы:
– Айыртау ауданына болып, Қарасай мен Ағынтай кесенесіне бардым. Сонда қазақ халқының батырлар бейнесін салу ойыма келді. Алдағы уақытта Қожаберген жырау мен Құлекей батырды салу жоспарда бар.
Марат Қожахметов өнердің бұл саласына кішкентайынан жақын екен. Бірақ, түбегейлі түрде бет бұрғанына 8 жылдың жүзі болыпты. Сол уақыттан бері өңіріміздің қылқалам шеберлерін бір шаңырақ астына біріктіруді көздеген.
Қазір суретшілер одағының жергілікті филиалының құрылғанына – шамамен 2 жыл.
Бүгінде оған 14 адам мүшелік етеді. Одақ құрамындағы өнер иелері осы уақыт аралығында 5 облыстық және 3 республикалық көрме ұйымдастырған екен. Бірақ, кейде осындай шараларды жиі ұйымдастыру үшін орын мәселесі туындайтын көрінеді. Кішігірім ортақ шеберханамыз болса жерлестіріміз рухани демалып, тарихи тұлғалардың бейнесін тамашалар еді дейді суретші.
Марат Қожахметов – ҚР Суретшілер одағының СҚОФ төрағасы:
– Қаламызда одаққа мүшелік ететін 14 суретші бар. Біздің басты қиындығымыз суретшілердің шеберханалары мен көрмелерінің болмауы.
Ал, бұл жақын арада шаһарымыздың басты көшесінен орын алатын туындының макеті. Дос-Мұқасан ансамблінің 50 жылдық мерейтойына арналған декоративтік сахнаның үлгісін Марат Тәшенұлы қаламыздың өзге де дизайнерлерімен бірлесіп жасап, әкімдік назарына ұсынған. Бекітілген жобаны ағымдағы жылдың жазында жүзеге асыру жоспарлануда.