Ринат Багаутдинов – Петропавл қаласы ІІБ аға инспекторы:
– Үкімет Жарлығына сәйкес, қару иелері оны қауіпсіз жерде сақтау мақсатында міндетті түрде автономды немесе пульттік дабыл жүйесін орнатулары тиіс. Бұл – басты ескеретін қағида.
Дабыл құрылғысын қару сақтаулы тұрған бөлме мен сейфте орнатуға рұқсат берілген. Бірақ, тәртіп сақшылары осыған қатысты барлық үйлерде тиісті қауіпсіздік шараларын күшейтіп, дабыл орнатқан жөн дейді.
Виталий Пенкин – күзет құрылымдарының өкілі:
– Инженерлер келіп, пәтерді қарайды. Қанша датчик керектігін санап, оны қажетінше орнатады. Сондықтан да ғимарат ішіне заңсыз енгендер арнайы орнатылған құрылғының көмегімен анықталады. Өйткені, оператордың пультіне хабар келіп түседі де оқиға орнына 5 минут ішінде кезекшілер жіберіледі.
Сонымен қатар, “Қару” жедел-алдын алу операциясы кезінде заңсыз айналымнан 5 оқ-дәрі, 3 аңшы және шағын калибрлі мылтық тәркіленген. Осылайша, Қызылжар ауданының бір тұрғыны қаруды заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл ретте азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе 11 млн теңге айыппұл төлеуі тиіс.
Айгерим Ержанова