МТРА жаңалықтары

Тәртіп сақшылары Петропавлда 33 борышкердің мекен жайын анықтаған

Рашит Жүсіпбеков – СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының ерекше тапсырмалары бойынша аға инспекторы:

– Көші-қон полициясы мен ІІД қызметкерлерімен бірігіп іздеуде жүрген 16 тұлғаны анықтадық. Мұндай азаматтар тіркелген мекен жайларын тексеру барысында белгілі болып жатады.

Кейбір борышкерлер тіпті өздерінің іздеуде жүргендігінен бейхабар екен. Олар көші-қон полициясымен кездескеннен кейін қарыздарын өтейміз деп уәде берді.

– Қарызым 10 800 теңге. Өткен жылдың көктемінде уақытылы төлемеген едім. Себебі жұмыссыз отырдым. Енді еңбекке тұрсам, қарызымды өтеймін.

Акцияның алғашқы үш күнінде тәртіп сақшылары іздеуде жүрген 33 борышкердің мекен жайын анықтапты. Оның ішінде 7-уі алимент төлемеген, 18-і қарызын өтемегендер болып шықты. Айта кету қажет, мұндай шаралардың тәртіп сақшылары тоқсан сайын ұйымдастыратын болады.

 

Риат Шони