Спорт

Кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов әлем чемпионы атанды

33 жастағы былғары қолғап шебері чемпиондық белдік үшін 11-ші ақпан күні америкалық Роуши Уорренмен жұдырық түйістірген еді. 12 раундқа созылған бәсекеде боксшымыздың асығы алшысынан түсті. Теріскейлік спортшы 1-ші кезеңде 2 мәрте нокдаун алғанымен, қалған раундтарда қарсыласын аямай сабады. Осылайша төрешілер ұпай саны бойынша жеңісті жерлесіміздің қанжығасына байлады. Айта кетейік, бұл – Жанат Жақияновтың 28-кездесуі. Ол 27 жекпе-жекте жеңіске жетіп, тек біреуінде тең түскен болатын.

 

Култанов Байболат