МТРА жаңалықтары

2018 жылы Петропавл-Қорған бағытындағы тас жолды жөндеуді аяқтау жоспарлануда

Ол жайында бүгін орталық коммуникациялар қызметінің жергілікті филиалында өткен брифинг барысында қалалық мәслихаттың депутаты Владимир Витченко айтты. Қазақстан аз уақыттың ішінде экономикасы дамыған іргелі мемлекеттердің қатарына қосыла алды. Жол жөнді болса, тасымал, экспорт, сауда-саттық дамып, кәсіпкерлік алға басады деді халық қалаулысы.

Владимир Витченко – Петропавл қалалық мәслихатының депутаты:

– Астана мен Петропавл бағытында қатынайтын тас жол жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді. Қазір елордаға 6 сағаттың ішінде жетуге болады. Ал келер жылы Петропавл-Қорған бағытындағы тас жолды қалпына келтіруді аяқтау жоспарлануда. Ол Еуразия мен Орталық Қазақстанды байланыстырады. Нәтижесінде, көптеген жолдар біздің өңір, Солтүстік Қазақстан арқылы өтетін болады. Бұның арқасында аймағымыздың да экономикасы дами түседі деп сенемін.

 

Риат Шони