Әр түрлі

Солтүстік Қазақстанда ауа температурасы күрт төмендеді

Бүгін таңертең Петропавлда сынып бағанасы минус 25 градусты көрсеткен. Осыған орай 1 мен 2-ші ауысымдағы бастауыш сынып оқшыларына сабақ болмайды деп хабарлайды, қалалық білім бөлімі. Бұнымен қоса аптаның соңында да аяз сақталуы мүмкін дейді ауа райын болжаушы мамандар.

Гүлзат Ғазизова – “Қазгидромет” АҚ СҚО бойынша филилалының метеорология бөлiмiнiң басшысы:

– Ақпанның 10-ы күні түнде сынап бағанасы минус 30, 35, ал күндізгі уақытта -22,-27 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 17-20 м/с дейін жетіп, бұрқасын боран болады. Ауа райы сенбіде де оң қабақ тантпайды. Ол күні сарышұнақ аяз қысып, температура -37 градусқа төмендейді.

Тогжан Акмагамбетова