МТРА жаңалықтары

Петропавлда ойыншықтар музейі жұмыс жасауда

Бұл қызыл қоңызбен жинақ иесі балалық шағында ойнапты. 30-жылдан астам уақыт өтсе де механикалық бұйым жап-жақсы жұмыс істеп тұр.

– Ал, бұл дүниеге биыл 50 жыл толып отыр. Көптеген жылдан астам уақыт қаламыздағы жертөрелердің бірінде шаң басып жатқан коньки, бүгіндері жерлес коллекционер Руслан Боисовтың көне жәдігерлерінің бірі болып есептеледі.

Осы сөреде неше түрлі қалайы жауынгерлер жайғастырылған. Мұның ішінде 100 жылдық тарихы бар кішкентай солдат ойыншығы да бар.Ол 1915 жылы жасалыныпты.Тағы бір айта кететін жәйіт, түсірілім уақытында коллекционердің жинағы кеңестік ЗИЛ көлігімен толықты. Оны Петропавлға поштамен Тараз қаласының тұрғыны жіберіпті.

Руслан Боисов – коллекционер:


–  Маған бұл бұйымдарды көбінесе өзге қалаларда тұратын коллекционерлер беріп жіберіп отырады. Оларға алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта шағын музейімді одан әрі кеңейткім келеді. Өйткені, әрбір ойыншықтың тарихы – барлықтарымыз үшін естелік.

Ойыншықтар музейіне келген 8 жасар Зайран кеңестік замандағы электрондық телеграфты өмірінде бірінші рет көріп отыр. Оған анасы бұл құрылғының тарихын әңгімелеуде.

Сондай-ақ, бұл жердегі Морзо әліппесі де Гүлмира Сәлімжановаға таңсық емес. Қаламызда өткеннен сыр шертетін дүниелердің бір жерде жинақталғаны тұрғындар үшін өте қызықты дейді.

Гүлмира Сәлімжанова – қала тұрғыны:

– Қайтадан балалық шағыма саяхат жасағандай болдым. Әрі балама сол кезде қандай ойыншықтармен ойнағанымды көрсетіп, таныстырдым. Айта кетсек, бұл жерде тіпті, менің кішкентай кезімде қуыршықтарыма киім-кешектер тіккен тігін машинаға дейін бар.

Айта кетсек, бүгіндері петропавлдық коллекционер ойыншықтардан бөлек, тиын ақшалар, төс белгілер және марка жинаумен айналысады.

Тогжан Акмагамбетова