МТРА жаңалықтары

Тұрмыстық қалдықтар полигонында кезекті контрафакт өнімдер жойылды

Сондай-ақ, жойылу кезегінде үш ұялы телефон, 2 көлік дабылдатқышы пен сегіз сим-карта сияқты бірқатар тауарлар тұр.

Инесса Кузнецова – СҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім жетекшісі:

– СҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне ең үлкен партия өткен жылдың соңында келіп түсті. Ол Тайынша аудандық сотының шешімі бойынша заңсыз өнімдерді саудалаған кәсіпкерлерден тәркіленген.

Тиісті құжаттары болмаған өнімдер заңсыз деп танылады. Шығу тегі белгісіз болғандықтан, тауарларды қалың жұртшылыққа ұсыну қауіпті. Сол себепті де сот орындаушылары кәсіпкерлер мен дүкен сөрелерінен алкоголь және өзге де заңсыз өнімдерді тәркілеуге мәжбүр.

Сандыбай Қарабай – СҚО әділет департаментінің сот орындаушысы:

– Бұл сертификатталмаған және мемлекеттік стандартқа сай емес тауарлар құқықбұзушылардан тәркіленді. Өнімдер қатарында шетелден алынатындары да кездесіп жатады. Оның сапасына ешкім жауап бермейді. Ал шығу тегін анықтау үшін экспертиза жасау қажет. Бұл үлкен қаражатты талап етеді.

Атап өту қажет, тәркіленген алкоголь өнімдерінің 2 мыңнан астамы Тайынша ауданында тіркелген. Олардың қатарында сыра, коньяк сияқты тауарлар бар.