МТРА жаңалықтары

СҚО Айыртау ауданында бұғыны атып алған екі браконьер құрықталды

Оқиға “Көкшетау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орын алған. Заря селосының 23 және 33 жасар екі тұрғыны атып алған олжаларын азық ретінде пайдаланбақ болғанын мойындады. Құқықбұзушылардың бірінің үйінен бұғының мүшеленген еті мен 16 колибрлі екі аңшы мылтығы, пышақ пен балталар тәркіленген. Жалпы, бқл жыл басынан теріскейде тіркелген алғашқы заңсыз аңшылық фактісі болып отыр.

Нұрбек Баекин – СҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы:

– Бүгінгі таңда ҚР ҚК 337 бабы 4 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу істері жүргізілуде. Бұл баптың санкциясы бойынша 5 мың АЕК айыппұл салуды немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.