Құқық қорғау органдары

Петропавлда мектеп оқушысына іздеу салынды

Қазіргі күні полицейлер Антонинаның болуы мүмкін деген барлық мекен жайды аралауда. Жоғалған қыздың белгілері – дене бітімі орташа келген, бойы 160-165 см шамасында. Шашы аса ұзын емес, ақшыл сары түсті, көздері көк. Жасөспірім соңғы рет үйден шыққанда капюшоны бар сұр түсті сыртқы киімде болыпты. Мойынорағышы мен бәтеңкесі қоңыр, сонымет қатар, жеңсіз қара түстегі көйлек киген. Егер де сіздерде бұл іске қатысты қандай да бір ақпарат болса 102, 39-48-37, 39-48-07 және 8-707-625-90-14 телефон нөміріне қоңырау шалуларыңызды сұраймыз.

Байболат  Култанов